Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Токиода Украина президентімен кездесті. Кездесу барысында Елбасы сол елдегі соңғы жағдайларға байланысты алаңдаушылығын білдірді. Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды бейбіт реттеу мемлекеттің одан әрі дамуы үшін аса маңызды. Өз кезегінде Владимир Зеленский елде қандай істер атқарылып жатқандығы жайлы баяндады және Елбасын өз жеріне сапармен келуге шақырды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Украинадағы жағдайды күнде бақылап отырамын. Сіздің ел үшін алаңдаймын. Бір кездері екі жыл бойы Украинада білім алғанмын. Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, мен Сіздің мемлекетіңіздің барлық президенттерімен жақсы таныс болдым.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

-  Үлкен рахмет сізге! Шынымен де сапалы және экономикалық өзгерістер керек. Қазір құқық қорғау органдарын қайта құрып жатырмыз.

Ел халқы мұны көп күтті. Ең бастысы, сайлау тыныш өтті. Бұл өте маңызды. Тоқаев мырзаны елімізге сапармен келуге шақырдым. Бүгінгі жағдайды пайдалана отырып, Сізді де шақырамын. Біз Қазақстанды әрқашан да қолдаймыз.

Фото: elbasy.kz