Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның жаңа императорының таққа отыру салтанатына қатысады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев император Нарухитоның таққа отыру салтанатына қатысу үшін Жапонияға барды.

ЕРЛАН БАУДАРБЕК ҚОЖАТАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАПОНИЯДАҒЫ ЕЛШІСІ:

- Қазіргі кезде 177 делегация келетінін растады. Жапония үкіметі мен премьер-министрдің өзі Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл жолғы сапарын жоғары бағалауда және алғысын білдіруде, себебі бұл қасиетті шара және оған Елбасының қатысуы стратегиялық әріптестік пен қазақстандық-жапониялық қарым-қатынастың жоғары деңгейін көрсетеді.  

Айта кетейік, 27 жыл бұрын Қазақстан мен Жапония дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Сондай-ақ екі ел бизнес саласында да сенімді серіктес болып табылады.

Айта кетейік, қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 2019 жылы осы мерзімге дейін шамамен 1 млрд долларға жуықтады. Жапонияның елімізге құйған инвестициялары – 6 млрд АҚШ долларынан асады. Жапондықтар Қазақстанда шетелдік инвесторлардың ТОП-7-не кіреді. Ел аумағында мұнай-газ, металлургия, қаржы, автомобиль салаларында 77 жапондық кәсіпорын жұмыс істейді.

Фото: Хабар 24