Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесінің VII саммитіне қатысады

Бүгін Бакуде Түркі кеңесінің VII саммиті өтеді. Әзербайжан астанасында мемлекеттердің басшылары бас қосады. Алқалы жиынға Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысады. Кеше кешке Елбасы бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президентімен кездесуде Түркі халықтарының интеграциясын одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

Ал  Әзербайжан президентімен кездесуде Түркі тілдес елдер арасындағы интеграциялық байланыстарды күшейтудің маңыздылығы әңгімеге арқау болды.

Бүгін Елбасы Түркия басшысы Режеп Тайип Эрдоғанмен кездеседі деп күтілуде.

Айта кетейік, Саммитте бірқатар құжаттарға қол қойылмақ, оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркі кеңесінің құрметті төрағасы мәртебесін беру туралы шешім де бар. Себебі түркі мемлекеттерінің басшылары Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен жоғары деңгейде кездесулер өткізе бастады. 

Фото: Твиттер