Қазақстан Ауғанстанға 80 млн доллар қаржылай көмегін көрсетті

Ауғанстан экономикасын Орталық Азия өңіріндегі өзге елдермен интеграциялаудың маңызы зор. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласында өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Ауғанстан бойынша дөңгелек үстелінде айтылды. Іс-шараның барысында халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері ондағы ахуалды қалпына келтіруге қатысты сөз қозғады. Аймақтағы ең тұрақсыз мемлекетке төрткүл дүние қолдан келгенше көмек көрсетілуде. Оның ішінде біздің елдің үлесі зор. Қазақстан бүгінге дейін бұл Ислам Республикасының экономикасына 80 миллион доллар қаржы бағыттаған. Оның 26 миллион доллары – гуманитарлық жәрдем. Негізінен білім беру, ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларын жақсартуға демеу жасалған.

СТАНИСЛАВ ВАСИЛЕНКО, ҚР СІМ  ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЕЛШІСІ:

 - Бұл – Қазақстанның Ауғанстан экономикасына құйған жалпы қаржысы мен гуманитарлық көмектерінің жалпы сомасы. Біз онда мектептер салып, жаңа жолдар төседік, тіпті теміржол құрылысына дейін атсалыстық. Ауған елінде қыз балалардың білім алуы қиындау. Осыны ескеріп, біз мың ауғандық студентті оқыту үшін 50 миллион бағыттадық.

Фото: holanews.kz