Қазақстан БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын қолдайды

Қазақстан тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды толықтай қолдайды. БҰҰ-ның біздің елдегі миссиясы өкілдерінің пікірінше, 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған жаһандық күн тәртібі республикада 2050 Стратегиясын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Еске салсақ, Бас Ассамблеяның 74-ші сессиясы барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қауіпсіздікті нығайту және тұрақты дамуға қатысты бірқатар бастамаларды жария етті. Атап айтқанда, ол биыл Қазақстанда ашылған халықаралық ұйымдар ғимаратының базасында Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму орталығын құруды ұсынды. Сарапшылардың пікірінше, бұл бастама өңір үшін ерекше маңызға ие.

НОРИМАСА ШИМОМУРА, ҚР БҰҰ-НЫҢ ТҰРАҚТЫ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

-  Біз Токаев мырзаны Біріккен Ұлттар Ұйымының алаңында баяндама жасағанына қуаныштымыз. Ол осы жылдың сәуір айында Тұрақты даму мақсаттары бойынша Қазақстанда алғашқы форум өткізілгенін айтты. Сондай-ақ мақсаттарды жүзеге асыру бойынша ұлттық шолуды таныстырды. Тұрақты даму мақсаттарының 90 пайызы Қазақстанның стратегиялық мемлекеттік құжаттарына енгізілген. Президент, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарын қаржыландырудың маңыздылығын айтты.

Фото: Казинформ