Корея түбегінің денуклеаризациясы мәселесіне арналған Қазақстан-Корея форумы өтті

Корея түбегінің денуклеаризациясы мәселесіне арналған Қазақстан-Корея форумы өтті. Шараны Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры Корея қорымен бірлесе ұйымдастырған. Жиында сарапшылар ядролық қарусыздану мәселесін талқыға салды. Соның ішінде Корей түбегін ядролық қарудан азат ету келіссөздеріне кедергі келтіретін факторлар айтылды.

ИГОРЬ РОГОВ, ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ – ЕЛБАСЫ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Санкция салумен мәселе шешілмейді. Кей жағдайда олар тиімді болғанымен, мәселені түпкілікті шешпейді. Сондықтан өзара сенім шаралары қажет.

БАХЫТ ДҮЙСЕНБАЕВ, КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚР ЕЛШІСІ:

-  Бұл мәселені Қазақстан мен Корея сарапшыларының талқыға салып, талдауы өте маңызды. Енді оған Солтүстік Корея мен Қытай сынды мүдделі тараптар қосылғаны жақсы болар еді.

Атап өтсек, Қазақстан және Оңтүстік Корея ядролық сала мамандарының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Оның шеңберінде оңтүстіккореялықтар бұрынғы Семей ядролық полигонын зерттеуде.