Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары жоғары деңгейдегі кездесулерге толы болды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Америка Президенті Дональд Трамппен, Молдова басшысы Игорь Додонмен, Люксембург Премьер-министрі Ксавье Бетелльмен, Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездесті.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық, мәдени байланысты бекемдеп, басымдықты салалар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.

Мысалы, АҚШ-пен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде иық тіресіп жұмыс істеуге ниеті айтылса, Финляндиямен көлік-логистикалық саладағы әріптестікті тереңдетудің маңыздылығы атап көрсетілді. Ал Люксембургпен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы ынтымақтастықты жандандыру келісілді.

Фото: Акорда