Елордада Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесі өтіп жатыр

Елордада «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесі өз жұмысын бастады. Оған 60-қа жуық мемлекеттің делегациясы, сондай-ақ халықаралық және парламентаралық ұйымдардың жетекшілері қатысуда.

Айта кетейік, осындай жоғары деңгейде парламенттік форум алғаш рет өткізіліп отыр. Екі күн ішінде заң шығарушы органдардың басшылары еуразиялық кеңістіктегі жан-жақты өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты нығайтуға, оның ішінде экономикалық саладағы көпжақты жобаларды іске асыру, қоршаған ортаны қорғау, терроризмге қарсы тұру және қауіпсіздікті нығайту мәселелерін талқылайды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ:

-  Осы кеңестің табысты жұмыс істеуіне баршамыз мүдделіміз. Келгендеріңізге ризашылығымызды білдіреміз. Біз заң шығару органының қызметіне ерекше мән береміз. Қазақстан депутаттары шетелдік әріптестерімен кең көлемді байланыс орнатып, мемлекетаралық достықты нығайта түсті. Елдеріміздің жоғарғы органдарының депуттары Еуразияда ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейтеді деп сенемін.