Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басына келгеніне – 100 күн

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басына келгеніне – 100 күн. Халықаралық сарапшылар мемлекет басшысының осы уақыт аралығындағы жұмысына пікірлерін білдірді. Тәжірибелі мамандар Тоқаевтың ел жетекшілігіндегі алғашқы қадамдарына оң бағаларын беріп отыр.

ЗАРЕМА ШАУКЕНОВА, ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДОКТОРЫ ПРОФЕССОР:   

 - Мемлекет басшысы 5 заң жобасына қол қойып, 40 үкімі және 95 жарлығы шықты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті  орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы орган жетекшілері, бизнес қауымдастық, азаматтық сектор мен қоғамның өзге де өкілдерімен 140 іскерлік кездесулер мен кеңестер өткізді.

ЭДУАРД СОЛОВЬЕВ, САЯСИ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ КАНДИДАТЫ ЕСЕЙ/:

 - Ол – Қазақстан елінің алдында тұрған тапсырмалар мен мәселелерді және жалпы міндеттерді жақсы түсініп білетін білікті әрі көреген саясаткер. Әрине біз Қазақстанда болып жатқан барлық үрдістерді қызығушылықпен бақылап отырамыз. Қазақстан біздің аймақ бойынша ғана емес, жалпы ең жақын стратегиялық әріптесіміз деп санаймыз. Сондықтан Президент Тоқаев пен Қазақстан халқына тек толағай табыстарға жетуін тілейміз. Осы 100 күннің қорытындысы бойынша, ел дамудың жаңа даңғыл жолына түседі. Сондықтан барлық бастамалардың сәтті болуын тілеймін.

Фото: Хабар 24