БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясына бір апта қалды

Қыркүйектің 17 күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы ашылады. Форумға ұйымға мүше 193 мемлекеттің делегациялары қатысады. Биыл әлемдік маңызды шараның шеңберінде Климаттың өзгеруімен күрес бойынша саммит, Тұрақты дамуға қатысты саяси форум сынды көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланған. Оларға әдетте үкіметтік емес ұйымдардың делегациялары да қатысады. Жиынға қазақстандық делегация да аттанады.   

РАУФ КЕДЕР, ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ӨКІЛІ:

 - Қазақстанның бейбіт сыртқы саясаты БҰҰ мақсаттарымен толық үйлеседі. Cондықтан Қазақстанның сыртқы саясатын мақтан тұтамын. Сіздің мемлекет Сирия дағдарысын шешу үшін көп еңбек сіңірді. Сіздің еліңіз жоғары мақтауға лайық. Жауласушы тараптардың басын бірнеше рет қосты. Нұр-Сұлтанда Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция делегациясының кездесуі – үлкен жетістік. Араб елдері жиі жауласады, бірақ сирек ауызбіршілік танытады. Сондықтан қақтығыс аймағынан алыста жатқан Қазақстанның бастамалары жоғары бағаға ие. Сирия оппозициясы мен үкіметі арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен шеше алған – Қазақстан елі. Олар әлемдік бейбітшілік үшін өте маңызды.

Фото: egemen.kz