Қазақстанның астық қорын құру бастамасы қолдау тапты

Қазақстанның астық қорын және Ислам тамақ өнеркәсібі қауымдастығын құру жөніндегі бастамалар Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының Бас Ассамблеясында қолдау тапты. ҚР Сыртқы істер министрлігі Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының Бас Ассамблеясының қорытындысын шығарды. Естеріңізге сала кетейік, сессия 27-29 тамызда Жиддада ұйымға мүше 24 елдің делегацияларының қатысуымен өткен болатын. Отырыс барысында қатысушылар АҚИҰ-ның Бас Ассамблеясының құрамын сайлады. Атап айтқанда, Сауд Арабиясы – Төраға, Тәжікстан және Гамбия – төрағаның орынбасарлары, ал Қазақстан – баяндамашы болып тағайындалды. Кездесу барысында бюджет қаралып, алдағы 5 жылға жоспар мен ауыл шаруашылығы саласына 3 жылдық инвестициялау бағдарламасы қабылданды.

ЕРЛАН БАЙДӘУЛЕТ, АҚИҰ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз астық қорын құруды жоспарлап отырмыз. Жақын күндері ірі ұлттық және жеке ауыл шаруашылық бірлестіктерінің қатысуымен жұмыс тобының отырысы жоспарлануда. Біз Ислам әлемі елдерінің ортақ нарығын дамыту үшін өте қызықты әрі маңызды агро-инвестициялық қор құруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біз көлік және логистика, ғылым және технологиялар орталығын құруды жоспарлап отырмыз, әрі қарай жалпылама кезеңде бізде онлайн-биржа құру жоспары бар.

Айта кету керек, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының ауыл шаруашылығы саласында тәжірибе алмасу, озық технологияларды енгізу, инвестиция тарту және басқа да өзекті міндеттерді орындау барысын басым қояды. Қазіргі уақытта АҚИҰ әлемнің 34 мемлекетінің басын біріктіреді.