Қазақстан Президенті Қытайға сапармен барады

11-12 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапар жасайды. Халық Республикасының елшісі Чжан Сяоның айтуынша, бұл екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуда маңызды мәнге ие сапар болмақ. Оның барысында Қазақстан мен Қытай басшылығы өзара іс-қимылдың көкжиектерін кеңейтіп, ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайтын келіссөздер жүргізбек. Тараптар, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелермен қатар, жоғары технологиялық әріптестікті дамыту, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жайын талқылайды.

ЧЖАН СЯО, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚХР ЕЛШІСІ:

 - Қазақстан Президентінің сапары Қытай Халық Республикасы құрылуының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында өткелі тұр. Менің ойымша, бұл уақыт кездейсоқ таңдалған жоқ. Сапардың ресми және бейресми бөлігі бірқатар іс-шараларға толы болады. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев қытайлық іскерлермен кездесіп, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында сөз сөйлейді.

Фото: aikyn.kz