БҰҰ Астана процесінің маңыздылығын атап өтті

Астана процесінің шеңберінде үкімет әскерлері және сириялық оппозиция өкілдерін бітімге келтіруде нақты нәтижелеге қол жеткізілді. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері, халықаралық сарапшылар осындай пікір айтты. Еске салсақ, Қазақстан елордасындағы диалог алаңында осымен үшінші жыл қатарынан Сириядағы ахуалды реттеу бағытында ұсыныстар әзірленіп келеді. Атап айтқанда, Астана процесіндегі кепілгер мемлекеттердің арасында қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде тұтқын алмасу іске асырылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде Сириядағы ахуалды талқылауға арналған кезекті отырыс өтті. Әсіресе, Идлибте қалыптасқан ахуалды реттеудің, елдің Конституциялық комитетін іске қосудың маңыздылығы атап көрсетілді. Араб мемлекетінің егемендігін және аумақтық тұтастығын құрметтеуге үндеулер айтылды.

ГЕЙР ПЕДЕРСЕН, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ СИРИЯ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ ӨКІЛІ:

-  Сириядағы ахуалды бейбіт жолмен реттеу жолдары Женевадағы кездесулермен шектелмеуге тиіс. Ең алдымен, сириялықтардың өмірлік мәселелерін шешу қажет. Есептік кезеңде Иран, Түркия, Ресей құрған жұмыс тобының қамқорлығымен тұтқындалғандарды азат ету бойынша бір уақытта 4 операция жүргізілді. Халықаралық ойыншылар Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен жүргізіліп жатқан бейбіт процесті қолдауға өз үлестерін қосуда.

Фото: kznews.kz