Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын жариялауда

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын жариялауда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялауда.

Жолдауы кезінде Қ.Тоқаев: «Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр», – деді.

Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі парақшасында хабарланды. Халыққа жолдау жариялайтыны туралы Президент осыдан үш апта бұрын хабарлаған еді.

«2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі», - делінген Президенттің Twitter парақшасында.