Қазақстан – АҚШ-тың Орталық Азиядағы басты серіктесі

Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы және одан тыс басты серіктестіктерінің бірі болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамындағы табысты жұмысынан кейін еліміздің мәртебесі жаңа сипатқа ие болды. Қазіргі уақытта алдыңғы орында экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, америкалық инвестиция көлемін ұлғайту, білім және мәдениет саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері тұр. АҚШ-тың ғылыми топ өкілдерінің айтуынша, Қазақстанның интеграциялық бастамаларды жүзеге асыруға және Орталық Азияның көліктік-транзиттік әлеуетін пайдалануға толық мүмкіндігі бар.

СТИВЕН ЛАКС, СИРАКУЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақстан ішкі реформаларымен де, Орталық Азиядағы мәртебесімен де беделге ие. Онда геосаясатқа, экономикалық дамуға және энергетика саласындағы көптеген мәселелерге баса назар аударылған. Осы және басқа факторлар Қазақстан мен Орталық Азияны өзге елдер үшін тартымды етеді. АҚШ-тың мемлекеттік басқару жүйесіне, демократияға өзіндік көзқарасы бар.

Фото: baribar.kz