Н. Назарбаев: Жаңа саяси жағдайда партия шыңдала түседі

Н. Назарбаев: Жаңа саяси жағдайда партия шыңдала түседі

Тәуелсіздік жылдарындағы «Nur Otan» партиясының жұмысының нәтижелері жаңа саяси жағдайда жаңа жетістіктердің тірегі және негізі болуы керек. Бұл міндетті партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында еліміздің Тұңғыш Президенті қойған болатын. Жалпы жетістікке жету үшін бізге қоғамның қажеттіліктеріне мұқият жауап бере алатын мықты көшбасшылар мен мықты партия қажет, - деп атап өтті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы Мәжілістегі партиялық фракцияның қатысуымен Үкіметтің арнайы отырысын өткізуді және қалған мәселелерді талқылауды ұсынды. Оның пікірінше, министрлер кабинеті бұдан тек ұтады. Жалпы «Нұр Отан» партиясының алдында стратегиялық бағыттың дәйектілігі мен сабақтастығын сақтау, заман талабына жауап беру міндеті тұр.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ-ЕЛБАСЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Біздің жұмысымыздың нәтижесін халық көп көреді. Біз мұның барлығын Тәуелсіздік жылдарында жасадық, қабылдаған заңдар, тәжірибелік іс-шаралар, мұның барлығын біздің «Nur Otan» партиясы жасады. «Бірақ өмір бір орында тұрақтап қалмайды. Бәрі өзгереді, және әлемдегі саяси партиялар бүгінде жаңа саяси сынақтармен бетпе-бет келеді. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, алға жылжу үшін тұрақсыздық кезеңі жетекші саяси күштердің ішінде де, тұтастай алғанда қоғамда да бірлікті қажет етеді. Онсыз үлкен міндеттерге қол жеткізу мүмкін емес. Жаңа саяси жағдайда партияның рөлі едәуір арта түсуде.

Фото: nurotan.kz