Қазақстан БҰҰ-ның медиация жөніндегі конвенциясын қолдайды

Қазақстан БҰҰ-ның медиация жөніндегі конвенциясын қолдайды. Сарапшылардың айтуынша, бұл құжат халықаралық коммерциялық даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге көмектеседі. Оның арқасында компаниялар коммерциялық дауларды шешуде медиация туралы келісімдерді қолдану мүмкіндігіне ие болады. Соңғы кезде медиация трансшекаралық коммерциялық дауларды тиімді әрі бейбіт жолмен реттеудің кең тараған құралына айналып келеді, дейді сарапшылар.

МАРАТ БЕКЕТАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:

 - Елдер бұл конвенцияның мәтінін бірнеше жыл бойы талқылады. Ол өткен жылы БҰҰ-ның ассамблеясында мақұлданды. Ресми түрде қабылданған соң құжат басқа мемлекеттер үшін қол қоюға ашық болады. Конвенция коммерциялық, соның ішінде инвестициялық дауларды бейбіт реттеуге қосымша мүмкіндіктер ашады.

Фото: ult.kz