Қазақстанның терроризмнен ада әлемге қол жеткізу кодексіне 80 ел қосылды

Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің өкілдері жаһандық қатерлермен күресуге қосқан Қазақстанның елеулі үлесін атап өтті. Мысалы, еліміздің бастамасымен қабылданған Терроризмнен ада әлемге қол жеткізу кодексіне 80 ел қосылды. Осылайша, лаңкестікке қарсы жаһандық халықаралық коалиция қатары кеңейіп келеді. Жуырда бұл құжатқа Кариб теңізіндегі Сент-Винсент пен Гренадин мемлекетінің өкілдері қол қойған. Сарапшылардың пікірінше, қазақстандық құжат ауқымды әрі түсінікті.

МОХАМЕД ИДРИС, БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ МЫСЫРДЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

– Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше бүкіл елдер үшін маңызды мәселе. Қазір терроризм бәрімізге қауіп төндіріп тұр және ертеңгі күнімізге де көлеңкесін түсіріп, алаңдауымызға негіз болып отыр. Жаһандық деңгейдегі мұндай қатерге бүкіл әлем бірігіп төтеп бере алады деген ұстаным бар. Ешбір мемлекет жеке дара терроризммен күресе алмайды. Сондықтан да пікір алмасу және терроризмге қарсы әрекет ету мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті контротеррористік бөлімімен бірлесе жүзеге асырылатын қазақстандық бастамалардың маңызы зор дер едім. 

Фото: kazgazeta.kz