Қазақстанның бітімгерлік бастамаларына БҰҰ жоғары баға берді

Қазақстанның бітімгерлік бастамаларына БҰҰ жоғары баға берді

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанның бітімгерлік қызметін жоғары бағалауда. Еліміз Терроризмнен ада әлемге қол жеткізу Кодексін жүзеге асыру үшін белсенді еңбек етіп келеді. Еске салып кетсек, құжат еліміз Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болған кезде Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әзірленген болатын. Кодекстің басты мақсаты – лаңкестікке қарсы кең халықаралық коалицияны құру және 2045 жылы атап өтілетін БҰҰ-ның 100 жылдығына қарай әлемді терроризм қауіпнен ада ету. Африкалық Одақтың тұрақты өкілі Фатима Мохаммед Қазақстанның лаңкестікпен күреске қосып жатқан үлесіне жоғары баға берді.

ФАТИМА МОХАММЕД, БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ АФРИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

 - Бейбітшілік, қауіпсіздік пен даму өзара тығыз байланысты. Осыған қатысты айтарым, Африкадан шыққан содырлар қоғам дамуындағы кемшіліктердің кесірінен лаңкестер қатарына қосылып отыр. Сондықтан бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін тұрақты дамумен байланыстыру біз үшін өзекті болып отыр. Осындай кездесу ұйымдастырғаны үшін Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Контртеррористік бөліміне алғысымызды білдіреміз.

Фото: egemen.kz