Қазақстанның ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының құрамындағы қызметі

Қазақстанның ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының құрамындағы қызметі

Қазақстандық парламентшілер Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының барлық шараларына белсенді түрде қатысады. Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық әріптестермен өзекті диалог орнатып, тиімді ықпалдастық жасауға және орнықты даму бағытындағы халықаралық жүйелерді бірлесе жетілдіруге жол ашады.

ГЕОРГИЙ ЦЕРЕТЕЛИ, ЕҚЫҰ ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Қазақстан қашан да Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының маңызды мүшесі болды. Және алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Жалпы қазақ елінің әлеуеті өте зор. 

МАРГАРЕТА КИНЕР НЕЛЛЕН, ДЕМОКРАТИЯ, АДАМ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ГУМАНИТАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ЕҚЫҰ ПА КОМИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Біз Қазақстанмен орнаған ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Мен Парламенттік Ассамблеяның адам құқықтары жөніндегі комитет төрағасы ретінде қазақстандық өкілдік  пен ондағы делегация жұмысын жоғары бағалаймын. Олардың ашықтық, ахуалды талқылау, тәжірибемен алмасу және халықаралық стандарттар туралы ақпарат алуға деген ұмтылысын байқадым.

Фото: inform.kz