Каспий аймағының жаһандық геоэкономикалық қатынастар жүйесіндегі рөлі

Каспий аймағының жаһандық геоэкономикалық қатынастар жүйесіндегі рөлі артып келеді. Сарапшылар өңірдің зор әлеуетін атап көрсетеді. Каспий маңы мемлекеттерінің сауда-экономикалық ынтымақтастығының қарқынды дамуы – осының дәлелі. Тәуелсіз агенттіктердің есебінше, Каспий жағалауындағы республикалар 2025 жылға қарай экспорттан 4 млрд доллар табыс таба алады. Қазіргі басты міндет – сауда-саттық көлемін арттыру және теңіз бен құрлықта Каспийді ең тиімді көлік дәлізіне айналдыру.

ДЖУМАМУРАТ ГУРБАНГЕЛЬДЫЕВ, АШХАБАД Қ. ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРОРЕКТОРЫ:

 - Түрікменстан энергия ресурстарының бағыттарын әртараптандыруды көздеп отыр. Жүзеге асырған бірқатар энергетикалық жобалар бар. Олар Каспий маңындағы барлық мемлекеттер үшін тиімді. «Қазақстан-Түркменстан-Иран» темір жолы Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізінің негізгі тармағы.  2014 жылдың соңы да іске қосылған бағыт қазір бірнеше елге табыс әкеліп отыр.

Бүгінде Каспий жағалауында орналасқан әр мемлекет өз порттарының қуатын арттыруда. Қазақстандағы Ақтау айлағымен былтыр 3,5 млн тонна жүк артып-тиелді. Әзірге бұл порт жылына 40 мың контейнер жөнелте алады. Ал 4 жылдан кейін бұл көрсеткіш 300 мыңға дейін жеткізілмек. Бұдан басқа, Ақтау портына жақын маңда пароммен тауар жөнелтумен айналысатын Құрық айлағы жұмыс істеп тұр. Каспий мемлекеттері ірі инвесторларды тарту арқылы өңірдің экономикалық ахуалына жаңа серпін беріп, инфрақұрылымды жаңартуды көздеп отыр. Түркменстанда өтетін бірінші экономикалық форумда осы және басқа да мәселелер талқыланбақ.

СЕРДАР ДУРДЫЕВ, ТҮРКМЕНСТАННЫҢ РЕСЕЙДЕГІ ЕЛШІЛІГІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

 - Бұл форум болашақта Каспий өңіріндегі және жақын орналасқан мемлекеттердің ынтымақтастығы бойынша келіссөздер өткізуге арналған тұрақты алаңға айналмақ. Әрине бұл Түрікменстан үшін де, басқа да көрші мемлекеттер үшін де тиімді болмақ.  Энергетикада да, көлік және коммуникациялар саласында да, сауда мен инвестиция тартуда. Яғни адамдар келеді, көреді, Түрікмен және басқа да мемлекеттердегі әріптестерімен сөйлеседі.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылғаннан кейін, тура бір жыл өткен соң, 12 тамызда, 5 мемлекет ынтымақтастық көкжиегін кеңейту мәселелерін талқылау үшін тағы да келіссөздер өткізбек.

Фото: orient.tm