БҰҰ «Жусан» операциясына жоғары баға берді

БҰҰ «Жусан» операциясына жоғары баға берді

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанның бейбітшілікті сақтау ісіне жоғары баға беріп отыр. Әсіресе «Жусан» операциясын сәтті жүзеге асыруын атап өтуде. БҰҰ қарасты 50 мемлекет пен халықаралық ұйымның 100-ден астам өкілі қатысқан көшпелі жиында ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейде терроризмге қарсы күресті үйлестірудің тетіктерін қарастырып, талқыға салды. Кездесуге қатысушылар Сириядан келген қазақстандық әйелдердің бейне-үндеулерін көрді. Олардың арасында 25 жасар Аида Сарина бар. Ол отанына оралуға мүмкіндік бергені үшін Қазақстан үкіметіне алғысын айтып, терроризмге қарсы күресуге дайын екендігін жеткізді. Мәжіліске қатысушылар «Жусан» операциясы жөніндегі деректі фильм мен Сириядан Қазақстанға оралған әйелдердің бейне-үндеуі үлкен әсер қалдырғанын айтады.

ИНГА РОНДА КИНГ, БҰҰ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Кездесу табысты өтті. Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға арналған жоспарында бейбітшілік пен оны орнату мәселелеріне жан-жақты көзқарастың қажеттілігін қарастыруға кешенді және толық тәсіл қажет екендігі айтылған. Қазақстанды осы маңызды бастамамен құттықтағым келеді, осы тақырыпты талқылауды жалғастыратынымызға үміттімін. Соңғы 24 сағатта қазақстандық бастамаларды қалай алға бастыруға болатыны туралы нақты ұсыныстар түсті. Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялағаны туралы фильм бізге үлкен әсер етті. Сіздер өз тәжірибелеріңізді көпшілікке таратуларыңыз керек. Ал біз аймақтық ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту бойынша сіздер атқарып отырған белсенді еңбегіңізден үйренуіміз қажет.

Фото: informburo.kz