ҚР СІМ басшысы АҚШ мемлекеттік хатшысымен кездесті

ҚР СІМ басшысы АҚШ мемлекеттік хатшысымен кездесті

Қазақстан Cыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов АҚШ Мемлекеттік хатшысымен кездесті.

Майкл Помпео Құрама Штаттар және біздің Республика арасында стратегиялық серіктестікті нығайтуға қолдау көрсетіп, жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты қатынастар әрі қарай дамитынына сенім білдірді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Президент Тоқаевтың жақында жасаған мәлімдемесін құптайтынын атап көрсетті. Майкл Помпео Сириядағы өз азаматтарын отанына қайтару бойынша Қазақстан билігі атқарған еңбегіне жоғары баға беріп, өзге елдермен бұл тәжірибесімен бөлісуге шақырды.

Сондай-ақ ол Ауғанстанда бейбітшілік орнатудағы Қазақстанның қосып жатқан үлесін жоғары бағалады.   

Фото: state.gov