Каспий теңізі маңындағы елдер ынтымақтастығы

Каспийді жағалай қоныстанған 5 мемлекет үшін теңіз қай тұрғыдан алғанда да стратегиялық маңызға ие. Теңіз ұлтанындағы мұнай мен кеме қатынасына қолайлы ортақ су айдынына барлық елдің мүддесі тоғысады.Ұзақ жылдар талқыланған теңіздің құқықтық мәртебесі былтыр ғана айқындалды. Ақтауда өткен Каспий маңы мемлекет басшыларының самиттінде Қазақстан, Азербайжан, Иран, Ресей, Түркіменстан президенттері маңызды Конвенцияға қол қойды. Тараптар өзара теңіз акваториясындағы аймақтарына кіріп шығатын өзге елдің кемелеріне шектеу қоюды доғарып, жүк тасымалына ешбір кедергі келтірмейтін болып келісті.  

СУБТИТР ХАМИД БЭЙДИНЕЖАД, ИРАННЫҢ ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ ЕЛШІСІ:

- Біз қазір сәтті өткізілген Ақтау саммитінің нәтижесінде сенімділігімізді арттырдық. Сәйкесінше қазір барлық техникалық сұрақтарға жауап табуға күшіміз жетеді.

Былтыр ғана құқықтық мәртебесі айқындалған Конвенция аясында Лондонда Иран мен Қазақстанның дипломаттары бас қосты. Шараны Ұлыбритания-Қазақ қоғамы ұйымдастырды. Қос тарап екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, мәдени-туристік салаларды талқылады. Қос елге тиімді жобалар тілге тиек болды. Осы орайда дипломаттар теңіздің экологиялық жүйесін сақтап қалуды да басты назарға алды.

СУБТИТР ДЖЕФФРИ ТЭМПЛ, БРИТАН-ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

 - Мен теңіз тірі табиғатының тарихы туралы білдім. Балық шаруашылығы қандай қиындықтарға ұшырағанын түсіндім. Екінші жағынан бұл мәселелерді шешу үшін елдер қандай батыл әрекеттерге барып жатқандарын естідім.

Осы басқосуда Қазақ елінің Еуропа мен Азия арасындағы көлік дәлізі ретіндегі транзиттік потенциалын арттыру мәселесі айтылды.Одан өзге Ақтау мен Құрық порттарының мүмкіндіктері де қарастырылды.

Фото: vestikavkaza.ru