Азия конституциялық сот өкілдері кездесу өткізді

Азия конституциялық сот өкілдері кездесу өткізді

Қазақстан мен Корея Республикасы екіжақты ынтымақтастық аясын кеңейтуде. Құқық және сот өндірісі саласындағы өзара ықпалдастық – маңызды бағыттардың бірі. Сеулде Азия елдері конституциялық соттар қауымдастығының симпозиумы өтіп, онда Қазақстан заңгерлері әріптестерімен тәжірибе бөлісті. Конституциялық Кеңес төрағасының кеңесшісі Қабылсаят Әбішев Ата заңның ел өміріндегі орны туралы айтып, анкетада қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұл сауалнама қауымдастық мүшелеріне Қазақстандағы конституциялық бақылау ісі қалай жүріп жатқанын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Симпозиумда Корея конституциясының рөлі мен оған 30 жылда енгізілген өзгертулер туралы айтылды. Сеулдегі кездесу Азияда заң үстемдігі мен адам құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында бірлескен зерттеулер жүргізуге негізін қалайды. Қазақстан осы ұйымға 2014 жылы мүшелікке кірген.

ҚАБЫЛСАЯТ ӘБІШЕВ, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

 - Корея 88-ші жылы конституциялық сотын құрып, мына демократиялық жолға ерте түскен. Және сол демократиялық жолмен саяси институттардың, азаматтық қоғамның дамуы арқасында бүгін алдыңғы қатарлы, ең дамыған мемлекеттерге айналып отыр. Қазақстан халқы – алғыр халық қой, сондай-ақ өте еліктегіш халық, тез қабылдағыш, жас халық қой. Көп дүниелерді біздің халқымыздың ықпалдығы, ынталылығы арқасында жүзеге асыруға болады.

Фото: ukrinform.ru