Қазақстанның ядролық қаруға қарсы бастамалары барша әлемге аян

Қазақстанның ядролық қаруға қарсы бастамалары барша әлемге аян

Қазақстанның ядролық қаруға қарсы бастамалары барша әлемге аян. Беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері, әлемдік саясаткерлер мен белді сарапшылар республикамыздың ядролық қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпау тәртібін қолдауға қосқан үлесін жоғары бағалайды. Қазақстан Семей ядролық полигонын жауып, Орталық Азияда ядролық қарудан ада аймақ құрды.

КАДЗУЯ ЯСУДА, «ДАЙГО ФУКУРЮ-МАРУ» БЕЙБІТШІЛІК ҚОРЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің қордың басты мақсаты – атом қаруының адамзат үшін қаупін түсіндіру. Сол себептен Семей полигоны туралы айтуды міндет тұтамыз. Қазақстандық әріптестермен болашақта да бірлесіп жұмыс істейміз, өйткені Қазақстан ядролық қарусыздану және жойқын қаруды таратпау бастамаларын әлемдік сахнада белсенді қозғап келеді. Ядролық қарудың зардабы жайлы ұмытпауымыз керек. Ал осындай қателіктер қайталанбас үшін тарихтан сабақ алу маңызды.

Қазақстан атомды тек бейбіт мақсатта пайдалануға үндейді. Еліміз уранның әлемдегі ең ірі қорына ие бола тұра, атом технологиялары азаматтардың тыныс-тіршілігін жақсарту мақсатында ғана қолданылуы тиіс деген ұстанымда. Осы ретте Еуропаның ядролық сынақ орталығымен ынтымақтастық орнатылды. Отандық ғалымдар аталған ұйымда тағылымдамадан өтіп, жұмыс істей алады. Олар әлемдегі ең дамыған және технологиялық жағынан барынша жабдықталған зертханаларды пайдаланады. Сондай-ақ халықаралық ядролық сынақтар ұйымының ғылыми базасы медициналық жұмыстар үшін де пайдалы болмақ. Сондықтан отандық мамандардың жоғары технологиялық жобалар әзірлеп, онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи әдістерін қолдану мүмкіндігі пайда болады.

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

-  Орталықтың барлық зертханалары мен қондырғыларын түрлі бағыттар бойынша қолдануға мүмкіндік көп болады. Ешқандай мүшелік жарна төленбейді. Біздің ғалымдар оны бірнеше жыл бойы пысықтайды. Жұмыстардың нәтижесіне қарай терең талдаудың негізінде тиісті шешімдер қабылданады.

Фото: cisp-astana.kz