Қазақстан – Шығыс пен Батыс арасындағы көпір

Қазақстан – Шығыс пен Батыс арасындағы көпір

Қазақстан  Шығыс пен Батыс арасында сауда дәлізін дамытуға елеулі үлес қосып отыр. БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясының Бас хатшысы Мукиса Китуйи осылай дейді. Оның айтуынша, посткеңестік кеңістікте Қазақстан өңірлік экономикалық интеграцияны дамыту бағытында белсенді түрде әрекет етіп келеді. Сарапшы, сондай-ақ республиканың инвестициялық тартымдылығын ерекше атап өтті. Шетелдік бизнесмендер Қазақстанмен барлық бағыттар бойынша бизнес-ынтымақтастықты кеңейтуге құлықты.

МУКИСА КИТУЙИ, БҰҰ САУДА ЖӘНЕ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

-  Қазақстан бұрынғы кеңестік мемлекеттер арасында өңірлік экономикалық интеграцияны күшейтуге және бәсекелестік саласындағы заңнамаға ерекше мән береді. Бизнес жүргізу үшін бәсекелестік ортаны қалыптастыру бағытында маңызды қадамдар жасалды. Сонымен қатар «АСТАНА-1» электрондық тіркеу алаңын құру жобасы Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь елдері тарапынан қызығушылық тудырды. Көрші мемлекеттер Қазақстанның оң тәжірибесін игеруге мүдделі және Қазақстанда кедендік басқару және автоматтандыру бойынша аймақтық орталық құру мүмкіндігін қарастыруға да дайын. Бұл – табысты әріптестік үшін маңызды сала. Сонымен қатар теңізге жолы жоқ елдердің әлеуетін дамыту бағытындағы диалогтың да маңызы зор. Сондықтан Қазақстан ондай елдер үшін транзиттік тасымал мәселелері бойынша, инфрақұрылымды дамыту бойынша отырыстар өткізіп келеді.