Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ елдерінің әріптестігін нығайтуды ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ елдерінің әріптестігін нығайтуды ұсынды

Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуетін пайдалану керек. Бұл туралы Бішкекте сегіздіктің саммитінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Мемлекет басшысы осы ретте Еуразиялық қаржы консультативтік тетікті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Ол Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер экономикаларының дамуына «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі оң әсер етенініне сенім білдірді.

Алқалы жиын шеңберінде Ұйым хатшылығы мен қаржы орталығының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат арқылы бірлестікке мүше елдерден Қазақстанға қомақты инвестиция тартылады әрі сол мемлекеттердің қаржы жүйесі дамиды деп күтілуде. Сонымен қатар Қазақстан президенті аймақтың инновациялық даму, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне де тоқталды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Бүгін қабылданып, қол қойылған құжаттар біздің елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететін болады. Шанхай ынтымақтастық ұйымы – аса тиімді және беделді халықаралық бірлестіктердің бірі. Жас ұйым бола тұра, толағай табыстарға жетіп, халықаралық қауымдастықтың назарын өзіне аудара білді. Осы ретте 2018-2022 жылдарға арналған ұзақмерзімді достық пен ынтымақтастық келісімін толыққанды жүзеге асыру аса маңызды.

Фото: akorda.kz