Қазақстандағы сайлау процесі: сарапшылар пікірі

Қазақстандағы сайлау процесі: сарапшылар пікірі

Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауының барысын әлемнің 40 елінен 9 халықаралық ұйымның өкілдері бақылады. Айтуларынша, саяси науқан өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сайлаушылардың дауыс беру учаске нөмірін анықтау электронды бағдарлама арқылы жүзеге асқаны саяси науқанның жүйелі әрі біртекті өтуіне сеп болды, - дейді шетелдік байқаушылар.        

АНДРЕЙ ГОРЯЧИХ, ТМД МИССИЯСЫНЫҢ БАЙҚАУШЫСЫ:

Тұрғындар өте жақсы ақпараттандырылғаны көрініп тұр. Адамдар нөпірі көп, дегенмен оларға бюллетень тез беріліп, ұзын-сонар кезекке тізілу орын алған жоқ. Бұл дауыс беру процесінің жүйелі ұйымдастырылғанын көрсетеді. Сайлау учаскелерін аралау барысында заңбұзушылықтар байқалған жоқ. Демократиялық талаптарға сай өтті деуге толық негіз бар.

Бақылаушылар сайлаушылардың аса белсенділік танытқанын атап өтті. Ал Жерорта Теңізі Парламенті Ассамблеясының елшісі Йонас-Флорина Уркан дауыс беруге келгендердің арасында жастардың өте көп екенін айтып отыр.

ЙОНАС-ФЛОРИНА УРКАН, БАЙҚАУШЫ /РУМЫНИЯ/:

-  Таңертеден бері  біз бірнеше сайлау учаскелерінде болдық. Сонда, 40-50 адамның кезекте тұрып, дауыс беруге деген белсенділігін көріп таң қалдық. Әсіресе, жастар көп. Бұл дегеніңіз  жастардың жауапкершілікті сезініп, өз таңдауларын жасауға  берілген мүмкіндікті  тиімді пайдалана білгендерін көрсетеді.

Фото: election.gov.kz