Н. Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» форумына қатысты

Н. Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» форумына қатысты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» халықаралық форумының ашылуында сөз сөйледі. Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына ел төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен барды. Елбасы өз сөзінде Қазақстанның әуел бастан аталмыш жаһандық жобаға қолдау көрсетіп келгендігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама аясында сауда көлемі артып, 5 триллион доллардан асты. Соңғы он жылда Қазақстан инфрақұрылым мен көлік логистикасына 30 миллиард долларға жуық қаржы құйған. Бұл қысқа мерзім ішінде елімізде заманауи және бәсекеге қабілетті хаб құруға зор мүмкіндік берді.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ:

- «Бір белдеу, бір жол» жобасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың перспективасын қарастыра келе, егер оған Еуропалық одақ қосылса, еуразиялық үлкен субконтинентте бәріміз үшін, гүлдену үшін тиімді жаһандық интеграция орын алар еді. Бүгінде Ұлы Жібек жолының тағы да өзгеріп отырғанын байқадық. Іс жүзінде ол жаһандықтың, қатыгез реализмнің құлдырауының көптеген теорияларын жоққа шығарады. «Бір белдеу, бір жол» құрылысы арқылы Қытай төрағасы Си Цзиньпин адамзаттың бірыңғай тағдырын құруға үндеп отырғанына өте қуаныштымын.

Форумға 37 мемлекет пен үкімет басшылары қатысуда. Ресей Президенті Владимир Путин Еуразия кеңістігіндегі барлық әріптестермен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделі екендігін мәлімдеді. Өз кезегінде Қытай Халық Республикасының төрағасы, жобаны жүзеге асырудың ауқымдылығы түрлі мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайта түсетінін және экономикалық өсім мен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуға бағытталғандығын атап өтті.

СИ ЦЗИНЬПИН, ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Бір белдеу, бір жол» жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы бастама практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталады, сондай-ақ өзара байланыс саласында, тәуекелдер мен үндеулерге қарсы әрекет етуге, ең маңыздысы өзара тиімділікке қол жеткізу. Соның нәтижесінде көптеген мемлекеттер мен порттарды біріктіретін алты дәліз бен алты магистральдің конструктивтік ынтымақтастығы жолға қойылып отыр.

Фото: inform.kz