Қазақстандағы сайлау шетелдік инвесторлар үшін де маңызды

Қазақстандағы сайлау шетелдік инвесторлар үшін де маңызды

Кезектен тыс сайлау Қазақстанға тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Еске салсақ, елдегі маңызды саяси оқиға 9 маусымға жоспарланып отыр. Сайлаудың өтуі шетелдік инвесторлар үшін де маңызды. Олар үшін Қазақстан инвестициялауға тартымды мемлекет. Республикадағы саяси өзгерістерге аса көңіл бөлетін шетелдік кәсіпкерлердің қатарында  Қазақстан экономикасына 300 миллион доллар инвестиция салған халықаралық компанияның бас директоры да бар. Ги Сидос елдегі биліктің заңды негізде ауысуы – тұрақтылықтың кепілі дейді.

ГИ СИДОС, VICAT КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ, ПРЕЗИДЕНТІ:

- Қазақстанға қомақты қаржы құйған компания үшін елдегі саяси тұрақтылық ұзақ мерзімді жоспарлау үшін өте маңызды.  Бұл экономикалық тұрақтылықтың да кепілі болып келеді. Қазақстандағы биліктің транзиті туралы мәселе көтерілді. Және бұл сұраққа біз өте қарапайым, айқын және батыл жауап алдық.  Сонымен бірге, осындай жауап Францияның іскер топтарынының көңілінен шығып отыр.

Ал, Арменияның саясаттанушысы Виген Акопянның пікірінше, алдағы сайлау Қазақстан мен Армения елдерінің қарым-қатынасын жаңа деңгейге шығаруға жол ашады. Тұрақтылық пен ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымдардың ашықтығы Қазақстандағы Президенттік сайлау үдерісіндегі басымдық саналады, дейді ол. 

ВИГЕН АКОПЯН, САЯСАТТАНУШЫ:

- Армениямен қарым-қатынасы тұрғысынан айтар болсақ,  Қазақстанның тұрақты дамуы біздің ел үшін де аса маңызды. Себебі, Армения мұндай мемлекетпен сенімді әріптестікті жалғастыруды қалайды. Сонымен қатар, сіздің ел - экономикасы тұрақты, дамып келе жатқан республика. Қазақстанда сайлау өткеннен кейін, қазақ халқы жаңа Президентті сайлағаннан кейін Армения мен Қазақстанның саяси әрі экономикалық саладағы серіктестігі жаңаша түрлене түседі деп ойлаймын.

Қазақстандық кәсіпкерлер кезектен тыс сайлауды өткізу еліміздің қарқынды дамуын бәсеңдетпеуге Президент сайлауы мүмкіндік береді деп есептейді. Себебі, Президент сайлауы әлеуметтік-экономикалық бағыттың бұлжымастығының кепілі болып табылады.

АБЫЛАЙ МЫРЗАХМЕТОВ, ҚР «АТАМЕКЕН» ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Ең бастысы, Елбасының стратегиялық бағытын негізге ала отырып, модернизацияны, ел ішіндегі ауызбіршілікті, әлеуметтік-экономикалық ахуалды сақтауды, нығайтуды көздейтін бағытымыз одан ары жалғасатыны анық.

Президенттің кезектен тыс сайлау елдегі биліктің ауысуының қорытындысы болмақ. Сайлау тұрақтылықты ту еткен елімізге де, аймақтағы оң ахуалдың сақталуына мүдделі әлем қоғамдастығы үшін де аса маңызды.

Фото: bnews.kz