Президенттік сайлауға кандидаттарды ұсыну 28-сәуірде аяқталады

Президенттік сайлауға кандидаттарды ұсыну 28-сәуірде аяқталады

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы саяси науқанның күнтізбелік жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға сәйкес, сайлау науқаны жеті кезеңге бөлінеді. Сәуірдің 28-іне дейін саяси партиялар Президентке үміткерлерді ұсынады. Ал алдағы 32 күннің ішінде Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтайды. Үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары мамырдың 11-нен басталады. Ал маусымның 8-і – «Тыныштық күні». Қазақстандықтар жаңа Президентті маусымның 9-ы таңдайды. Сайлаудан кейінгі келесі екі күнде саяси науқанның алдын ала қорытындылары жарияланып, маусымның 16-ына дейін халық таңдаған жаңа Мемлекет басшысын тіркеу шаралары өтеді.

КОНСТАНТИН ПЕТРОВ, ҚР ОСК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылар реестріне дауыс беру құқығы бар 11 814 019 азаматты тіркеген. Осылайша, әрбір кандидаттың қолдауына 118 мың 140 қол жинау қажет. Сайлаушылардың қолдарын жинауды президенттікке кандидаттардың сенімді тұлғалары ұйымдастырады. Сенімді тұлғаларды тіркеу және қолдардың түпнұсқалығын тексерумен төлқұжат қызметі қызметкерлерін тарту арқылы аумақтық сайлау комиссиялары айналысады.