Оңтүстік Корея Қазақстанның антиядролық тәжірибесін қолдануға ниетті

Оңтүстік Корея Қазақстанның антиядролық тәжірибесін қолдануға ниетті

Сыртқы саясатта өзгені өзіндей көрген Қазақстанның антиядролық иігі істері кеңге аян, көпке үлгі. Жаппай қырып-жою күші зор зұлмат қарудан азат әлем құру. Басқалар сескенген бұл қауіп-қатерден алғаш болып бас тартқан елдің батыл қадамы көпшіліктің көксегенінен дөп түскені анық. Жер-жаһанның қауіпсіздік мәселелеріне үн қосып жүрген мемлекетіміз Иранның ядролық бағдарламасын реттеу үшін «5+1» үлгісіндегі келіссөздер алаңын ұсынғаны белгілі. Атом күшін қатерлі қаруға айналдырып, ащы тауқыметін татпай, керісінше бейбіт мақсатта кәдеге жарату да Қазақстанның еншісінде. Бұл орайда бізде төмен байытылған уран банкін жатқызуға болады. Қазақстанның осы тұрғыдағы беделі мен тәжірибесі әлем қауымдастығы үшін аса құнды.

ЛИ СИ ХЁН , КОРЕЙ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Адамзат тарихында ядролық әлеуетті экономикалық дамуға алмастырған бір ғана мемлекетті білемін, ол Қазақстан.  Бұны барша дүние мойындап отыр. Біз оңтүстіккореялық және қазақстандық сарапшылармен осы орайда бірлескен ынтымақтастық орнату мәселелерін егжей-тегжейлі талқыладық. Қазақстанның және жаһандық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы осы тәжірибесін қабылдап, үлгі алып отыр.

ИГОРЬ РОГОВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ҚОРЫ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Корей әріптестеріміздің неліктен Қазақстанға аса көңіл бөліп, біздің тәжірибемізді  таңдағанын түсіндірудің керегі жоқ шығар деп ойлаймын.  Өйткені, мемлекетіміз әлемдік қауымдастыққа өзін жаһандық деңгейде ядролық қарусыздану мәселесін белсенді көтеріп жүрген ел ретінде танытты. Біздегі Семей ядролық сынақтар полигоны жабылған 29 тамыз күнін барша әлемде атомды бейбіт мақсатта қолдану ұранымен атап өту де бекер емес. Ол осы орайдағы үлесіміздің басымдығын көрсетеді.

Фото: unmultimedia.org​