Украина саясаткерлері Н. Назарбаевтың саясаттағы ерекше қолтаңбасы туралы айтты

Украина саясаткерлері Н. Назарбаевтың саясаттағы ерекше қолтаңбасы туралы айтты

Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай кезеңде болмасын қабылдаған саяси шешімі – Украинаға  үлгі. Украинаның көрнекті саясаткерлері осындай пікір айтады. 1994 пен 2005 жылдар аралығында Украинаның Президенті болған Леонид Кучма қазақ басшысының көп біле бермейтін адамгершілік қырлары туралы мәлім етті.

ЛЕОНИД КУЧМА, УКРАИНА ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІ:

- Мен Нұрсұлтан Әбішұлынан көп нәрсе үйренгенімді жасырмаймын. Ол шынымен ұлы және ақылды адам. Егер біз, басқа саясаттағы басшылық, тез-тез шешім қабылдап, кейіннен өкініп жатсақ, Назарбаев ешқашан өйткен емес. Ол қабылдаған талай шешімнің дұрыс қабылданғанын тарихтың өзі талай дәлелдеп берді. Сондықтан бұл тарихи қадам да елдің тұрақтылығы үшін жасалды деп сенем.

Ал Украинаның бұрынғы вице-премьер-министрі қызметінен бастап, сыртқы істер министрі, Украина Қорғаныс және қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары және бірқатар елдерде елші қызметін атқарған Константин Грищенко Ұлт көшбасшысының мемлекет басқарудағы ерекше қолтаңбасы  табиғи ғана емес, адам капиталын орынды қолдана білгенде дегенді айтады. Оның жариялаған тарихи шешімі – мемлекеттік дамудың бір сатысы және бұл батыл қадам ел болашағы үшін жасалды деп ой сабақтайды саясаткер.

КОНСТАНТИН ГРИЩЕНКО, УКРАИНАНЫҢ БҰРЫНҒЫ ВИЦЕ- ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

- Адам мен табиғи ресурстарды Ұлт Лидері өте орынды қолдана білді. Бүгінде өзіне өзі сенімді, аяғына нық тұрған талай қазақ жастарын білемін. Олар шет елде білім алып келіп, қазір өз елінің өркендеуіне сындарлы үлесін қосып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың да бұл шешімін мемлекеттік дамудағы бір кезең деп бағалап, Қазақстанның ары қарайғы дамуына сеніммен қараймыз.

Фото: nazarbaev.kz