Абдулла Гүл: Н. Назарбаев ұлт көшбасшысы ретінде қиын және маңызды шешім қабылдады

Абдулла Гүл: Н. Назарбаев ұлт көшбасшысы ретінде қиын және маңызды шешім қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның егемендігін нығайтуға және оның аймақтық көшбасшы ретінде қалыптасуына қосқан үлесі өте құнды. Бұл туралы көптеген әлемдік сарапшылар да айтуда. Түркияның бұрынғы басшысы Абдулла Гүл Қазақстанның Тұңғыш Президенті дүниежүзілік деңгейдегі дана саясаткер екенін айтты.

АБДУЛЛА ГҮЛ, ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІ:

- Нұрсұлтан Назарбаев - түркі халықтарының құрметті азаматы, әрі менің досым болып келеді. Ол ұлт көшбасшысы ретінде қиын және маңызды шешім қабылдады деп ойлаймын. Сонымен қатар, менің ойымша, Қазақстанның тұңғыш президенті ел тізгінін сенімді қолға табыстады. Мен өз басым Қасым-Жомарт Тоқаевты жақсы танимын әрі құрметтеймін. Елбасы салған сара жолды ол жалғастырады деп сенемін. Жақын уақытта  Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіреді.

Сарапшылар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұзақ мерзімді реформалары мен бастамалары жалғасатынына сенімді. Олардың айтуынша, біздің ел бітімгершілік бастамаларымен бейбітшілікке, қауіпсіздікке және орнықты дамуға қол жеткізудің нақты жолдарын бірнеше рет көрсетті.

ПАН ГИ МУН, БҰҰ ЭКС-БАС ХАТШЫСЫ:

- Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев  мемлекетті басқарған кезде өз елімен қатар бүкіл дүниедегі бейбітшілік пен тұрақты дамуды ілгерілетті. Аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздік жөнінде және өзге де жаһандық мәселелер бойынша маған кеңес қажет болғанда үнемі онымен ақылдасып жүретінмін.

Фото: akorda.kz