Қазақстанның Тұңғыш Президенттің рөлі: шетелдік сарапшылар пікірі

Қазақстанның Тұңғыш Президенттің рөлі: шетелдік сарапшылар пікірі

Нұрсұлтан Назарбаев тарихта өшпес із қалдырған әлемдік көшбасшылардың тізіміне кіреді. Қазақстан Тұңғыш Президентінің өкілеттілігін өз еркімен тоқтату туралы шешіміне байланысты Грузия Мемлекеттік Кеңсесінің бұрынғы жетекшісі осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, биліктегі ауыс-түйіс Қазақстанның қазіргі даму қарқыны мен тұрақтылығына кері әсерін тигізбеуі керек.

ПЕТРЕ МАМРАДЗЕ, ГРУЗИЯ МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢСЕСІНІҢ ЭКС-ЖЕТЕКШІСІ:

- Нұрсұлтан Назарбаев саясаттан түбегейлі кету туралы шешім қабылдап отырған жоқ. Яғни, менің білуімше, Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болып қалады. Бұл өте дана, әрі уақытылы қабылданған шешім деп ойлаймын. Әрине, президент лауазымынан кеткені өкінішті. Ал, осындай басшысы болған қазақ елі бақытты. Өйткені елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан республикасын дамудың даңғыл, сара жолына сала білді.  Оны бүгінгі таңда бүкіл әлем мойындап отыр.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті өкілеттілігін өз еркімен тоқтатуы туралы шешімін Арменияның саясаткерлері де талқылап жатыр. Елдің Ұлттық Кеңес вице-спикері Ваге Энфиаджян бұл шешімнің көрегендігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, саясаткер болашақта екі ел арасындағы серіктестіктің жалғасын табатынына сенімін білдірді.

ВАГЕ ЭНФИАДЖЯН, АРМЕНИЯ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ВИЦЕ-СПИКЕРІ:

- Бұл мәлімдеме қазақтандықтар үшін де, әлем үшін де күтпеген жағдай болды. Өйткені Назарбаевтың өкілеттілігі бір жылдан соң аяқталуы керек еді. Ел Президенті билік басында болғанда халықтың үлкен қолдауына ие болды. Бұл үлкен жауапкершілік. Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарған уақытында арамызда сенімді әрі жемісті серіктестік орнады. Болашақта да бұл жалғасын тауып, қарым-қатынасымыз тек нығая түседі деген сенімдеміз.

Фото: akorda.kz