Қазақстан төркүл дүние назарында

Қазақстан төркүл дүние назарында

Заманауи Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасып дамуына тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі зор. Әлемдік қауымдастық өкілдерінің назары біздің елге ауған шақта Армения елінің саясаткерлері мен сарапшыларының білдіріп отырған пікірлері осындай.

МИКАЭЛ ЗОЛЯН, АРМЕННИЯ ҰЛТТЫҚ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - тарихи тұлға. Мен қызмет атқарған жылдары Қазақстанның тәуелсіздігі, Қазақстанның егемендігі, Қазақстанның мүддесі ең басты орынға қойылды. Осы мәселелерге Нұрсұлтан Назарбаев басымдық беріп отырғанын байқадым. Менің ойымша, посткеңестік елдердің басшылары оның ұстанған бағытынан үлгі ала білулері керек.

Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Вардан Атоян осыдан 25 жыл бұрын  Еуразиялық экономикалық одақты құруға бастамашы болған Нұрсұлтан Назарбаев екенін еске түсіреді.

ВАРДАН АТОЯН, САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

- Әрине, Назарбаев мырзаны Еуразия экономикалық одағының идеологы деп айтуға болады. Дәл сол кісінің бастамасымен бұл одақ құрылған. Бірлестіктің құрылуы тарихи тұрғыдан да, мәдени жағынан да, экономикалық тұрғыдан да маңызды. Сондай-ақ, алдағы уақытта Қасым-Жомарт Тоқаев мырза Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын жалғастырады деп үміттенемін.

Ал саяси және құқықтық зерттеулер орталығының жетекшісі Джонни Меликян Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту келешегі туралы өз ойын білдірді.

ДЖОННИ МЕЛИКЯН, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Жаңа президент және Арменияның жаңа премьер-министрі қос елдің қарым-қатынастарын дәйекті түрде дамытуға және одан әрі тереңдетуге күш-жігерлерін қосады деп ойлаймын. Ереван Еуразиялық экономикалық одақ аясында ынтымақтасттықты дамытуға дайын. Сондықтан Армения үшін Қазақстан республикасы сауда-экономикалық тұрғыда маңызды әріптес мемлекет болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Армения ұзақ мерзімге бағдарланған өзара іс-қимылдарын жалғастырып, көп жылдық әріптестіктің нәтижесінде қалыптасқан дәстүрлерді сақтауға және жетілдіруге мүдделі, дейді сарапшылар.

Фото: akorda.kz