Парламент елорданың атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы құжатты қабылдады

Парламент елорданың атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы құжатты қабылдады

Астана қаласының атауы Нұрсұлтан болып өзгереді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында белгілі болды. Жиында Сенат және Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Бұған дейін Астана атауының референдумсыз өзгеруі мүмкін екені хабарланған еді. 

Оның алдында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп атауды ұсынды.

Фото: liter.kz