Тәуелсіз Қазақстанның тарихы әрқашан Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты болады

Тәуелсіз Қазақстанның тарихы әрқашан Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты болады

Тәуелсіз Қазақстанның тарихы әрқашан Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты болады. 30 жыл ішінде ол Орта Азия аймағындағы көшбасшыға және әлемдік саясаттың беделді және толық құқылы қатысушысына айналған жаңа мемлекеттің іргесін қалады.

САНАТ КӨШКІМБАЕВ, ҚСЗИ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Елбасының, Тұңғыш Президенттің мемлекет дамуындағы тарихи ролін атап өту қажет. Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен тәуелсіз Қазақстанның іргесі қаланды. Ол – заманауи мемлекетіміздің архитекторы. Республиканың экономикалық жетістіктері, әлемдік деңгейде танылуы, мойындалуы –Нұрсұлтан Назарбаев еңбегінің жемісі. Оның жетекшілігімен жаһандағы күрделі жағдайға қарамастан, екі дағдарысты еңсере отырып, Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы елге айналды.

ЕРЖАН САЛТЫБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ ҚОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЭСИ ДИРЕКТОРЫ:

-  Тұңғыш Президент осы уақытқа дейін жүргізіліп келген саяси вектордың бірізділігі, билік сабақтастығы туралы айтты. Сондай-ақ ел дамуының стратегиясымен, ішкі және сыртқы саясатымен байланысты оның өкілеттіктері де сақталады, ол Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретіндегі қызметін жалғастыра береді. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев азаматтарға, сыртқы ойыншыларға, инвесторларға билік сабақтастығы сақталатындығына кепілдік беріп, келесі және уақытша президентті қолдайтынын, қолға алынған бастамалардың барлығы жүзеге асатынын жеткізді.

Фото: egemen.kz