Сәуір айында қазақстандық бітімгерлердің Ливандағы миссиясы аяқталады

Сәуір айында қазақстандық бітімгерлердің Ливандағы миссиясы аяқталады

Сәуір айында қазақстандық бітімгерлердің Ливандағы кезекті миссиясы аяқталады. Олардың орнын арнайы дайындықтан өткен 120 бітімгер алмастырады. Бүгінде әскерилердің келесі легі Алматы облысында арнайы дайындық жүргізіп жатыр. Мұндағы жаттығу алаңы Ливандағы жағдайға сай жасалған.

Бітімгер болу үшін білек күші жеткіліксіз. Оған қоса, психологиялық тест тапсырып, ағылшын тілін еркін меңгеру, жергілікті халықпен тіл табысудың тәсілдерін игеру керек.

ЖІГЕР АЙЫПОВ, ІІ БІТІМГЕРЛЕР РОТАСЫНЫҢ КОМАНДИРІ:

 - Іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен бітімгершілер тобы әскери медициналық, әскери-инженерлік дайындықтан өтеді. Оқу-жаттығу барысында әскерилерге әртүрлі ауруларға қарсы екпелер жасалады.

Сарбаздарға бітімгерлердің негізгі міндеттерін тәжірибелі мамандар үйретеді. Соның бірі – Асылхан Аманғалиұлы. Подполковник Африкадағы тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсететін Біріккен Ұлттар Ұйымы сарбаздарының қатарында болып келген.

АСЫЛХАН АМАНҒАЛИҰЛЫ, БІТІМГЕРЛЕР НҰСҚАУШЫСЫ:

-  Әскери қызметшілер патрульде кезде кей күндері деманстрациялар жасайды. Мұндай кезде әскери қызметшілер тұрғылықты адамдармен сөйлесуге әрекет жасау керек. Және де оларға әрқашан да көмектесуге дайын болуы керек.

Еске салсақ, біздің бітімгерлер Біріккен Ұлттар Ұйымының үндістандық Батальонында борышын өтейді. Ливандағы қазақстандық әскерилердің ротациясы жылына 2 рет жүргізіліп тұрады.

Фото: lenta.inform.kz