Қазақстан БҰҰ ҚК құрамындағы миссиясын абыроймен орындады

Қазақстан БҰҰ ҚК құрамындағы миссиясын абыроймен орындады

Бейбіт әлем құрып, адамзат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мыңнан астам халықаралық іс-шара. Бұл – Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуі және мүшелігі кезінде атқарған жаһандық деңгейдегі  игі бастамалары.  Еліміздің екі жылдық өкілеттілігі кезіндегі жауапты және қағидаттық ұстанымы беделді ұйым мүшелері мен халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары бағаланып, мемлекетіміздің мәртебесі асты.  

НОРИМАСА ШИМОМУРА, БҰҰ ДБ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

 - Мен Қазақстанның үкіметін, мемлекеттің парламенті мен елдің барша халқын Қазақстанның БҰҰ-ның  Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшесі ретіндегі мандатын абыроймен орындап, сәтті аяқтағанымен шын жүректен құттықтағым келеді. Екі жыл тым қысқа уақыт болғанымен, Қазақстан осы аралықта жаһандық деңгейде көптеген маңызды бастама көтеріп, өзекті мәселелердің түйінін шеше білді.  Бұған барша әлем куә.

ҚУАНЫШ СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Еуропа парламентіндегі әріптесім: «Осыған кірісер кезде сіздерге 138 мемлекет дауыс берген болса, осы қызмет арқылы сіздің мемлекетті одан әрі көптеген елдер танып-біліп, болашақта сіздер үшін тағы ұсынатын болса, БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мейлінше дауыс беретін болады», деді. «Өйткені дипломаттарыңыз, және осы Қауіпсіздік Кеңесі аясында жасаған барлық мемлекеттік және құзіретті органдардың өкілдері өте білімді, сауатты жұмыстар жүргізді және олардың барлығы да үлкен қолдау тапты» деген. Бұл – мемлекетіміздің өсуі, абыройы, болашағы.

Қазақстан ядролық қарудан арылып, жер бетін ланкестіктен тазарту жолын таңдаған бейбітсүйгіш мемлекет екені о бастан кеңге белгілі. Кеңеске мүшелік жаһандық саяси шиеленістердің асқынуы кезеңіне дөп келді. Бұл орайда да Қазақстан ел мен елді татуластыратын бітімгер мемлекет ретінде тағы нақты істермен танылды. Экономикалық санкциялар және Орталық Азия үшін түйіткілді мәселелердің басын қайыруға қауқарлы екенін көрсетті.

ЖӘНІБЕК АРЫНОВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ ҚОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЭСИ САРАПШЫСЫ:

 - Біріншіден, тәжірибе БҰҰ ҚК мәселе, екіншіден Орталық Азия үшін маңызды мәселелерді әлемдік деңгейде көтеруге сол мәселердің шешімін табуға бір үлесін қосуға септігін тигізді. Үшіншіден, сыртқы саясатын негізгі мүдделерін сол әлемдік деңгейде тағы да бір дағдылап, солар бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік беретін алаң болды.

Бұл жұмыстар елбасының Кеңес мүшелеріне арнаған «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі Қазақстанның тұжырымдамалық көзқарасы» атты саяси үндеуін іске асыру мақсатында құрылды. Құжат мемлекет басшысының «Бейбітшілік. XXI ғасыр» манифесіне негізделіп жазылғаны белгілі.

Фото: nur.kz