БҰҰ Қазақстанның еңбегін жоғары бағалайды

БҰҰ Қазақстанның еңбегін жоғары бағалайды

Астананың ашықтығы, әрқашан диалогқа әзірлігі көпке үлгі. БҰҰ Дүниежүзілік қауымдастықтар федерациясының өкілдері осылай дейді. Сарапшылар Қазақстан ішкі һәм сыртқы саясаттағы ұстанымдарын Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі барысында тағы бір дәлелдеді, дейді Федерация өкілі Маргарет Уильямс. Халықаралық қатынастар саласындағы білікті маман Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінде жұмыс істеген. Ол Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамында бітімгерлік іс-қимылдарымен нақты жетістіктерге жеткенін атап көрсетті.

МАРГАРЕТ УИЛЬЯМС, БҰҰ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АССОЦИАЦИЯЛАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Қазақстан Республикасын пікір алуандығы мен болашақты бағамдауға қатысты ой өргізіп, сөз жұптаушылар арасында өзіндік орны бар ел деп танимын. Сондай-ақ диалогқа әрқашан дайын, кездесуге ашық. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің сайлауалды науқанының пікірталастарына қатысқан алғаш ел болды. Осы іс-әрекетімен өзге мемлекеттерге үлгі бола білді. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, біз Қазақстанның ашықтығын жоғары бағалаймыз.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік қауымдастықтар федерациясы 1946 жылы Люксембургте ұлттық бірлестіктердің конференциясында құрылған болатын. Ол 40 Үкіметтік емес ұйымдарды біріктіреді.

Фото: 24.kz