Қазақстан Ливандағы бітімгершілік миссиясына екінші ротасын жібереді

Қазақстан Ливандағы бітімгершілік миссиясына екінші ротасын жібереді

Қазақстан Республикасы Ливандағы бітімгершілік миссиясына екінші бірлескен ротасын  жіберуге дайындық үстінде. 120 қазақстандық әскери қызметкер сәуір айының соңында аттанады. Қазір олар Алматы облысында жаттығу алаңында дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар бітімгершілік қызметте тәжірибелері бар арнайы мамандардан, офицерлер мен сержанттардан сабақ алуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының мандатына сәйкес қазақстандық бітімгершілік бөлімше Ливанда жергілікті жерді патрульдеу, бақылау бекеттерін ұйымдастыру функцияларын орындайды. Сондай-ақ Ливанда алғашқы бітімгерлер сияқты жарты жыл бойы  жұмыс атқарады. Олардың басты міндеті – шекараны бақылау және елде бейбітшілікті сақтау. Өз кезегінде қорғаныс министрлігінің пайымдауынша, шетелдік әскерилердің бітімгершілік миссиялары отандық әскери қызметкерлерге тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

САИД АКБАРУДДИН, БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ҮНДІСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ.

 - Ливандағы бітімгерлік міндет атқарудағы ынтымақтастығы үшін Қазақстан Республикасына  өте ризамыз. Тұңғыш рет үндістандық және қазақстандық бітімгерлер Біріккен Ұлттар Ұйымының маңызды, салмақты жобасында бірге қызмет атқарды. Бұл – жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке күш біріктірген екі елдің бірлескен жұмысының алғашқы тәжірибесі. Біз болашақта да елдеріңізбен бірлесіп өзге жобаларға қатысуға үміттіміз.

Фото: 24.kz