Астанада Францияның визалық бөлімшесі ашылды

Астанада Францияның визалық бөлімшесі ашылды

Қазақстан мен Франция арасы жақындай түсті. Эйфель мұнарасы, Лувр мұражайы, Версаль сарайы. Әсемдігімен еліктірген Францияны тамашалаймын деушілер енді Астанадағы визалық бөлімшенің қызметіне жүгіне алады. Жаңадан ашылған бөлімшеге күніне 50-ге жуық адам келуде. Ал демалыс маусымында визалық бөлімшелер күніне 120-130-ға жуық өтініш қабылдайды. Өтінішті қабылдау ақысы сол қалпы, 60 еуро болып қала бермек. Өткен жылы Францияның бас консулдығы мен Швейцария елшілігі осындай қарқынмен жұмыс істеген болатын. Былтыр қазақстандықтар Францияға  11 мыңнан астам виза  рәсімдеген. Бұл ел 2020 жылға дейін 100 млн шетелдік туристі қабылдауды жоспарлап отыр. 

ФИЛИПП МАРТИНЭ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФРАНЦИЯ ЕЛШІСІ:

-  Былтыр Францияға 3,5 млн турист келді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға артық. Бұған туристік визалар санының артуы ықпал болып отыр. Алматыдағы Францияның Бас консулдығы 2,5 млн-ға жуық туристік виза берді. Бұл 5,8 пайызға артық. Визаны рәсімдеу барынша оңай екендігін атап өткім келеді. Бұл үшін қажетті құжаттар толық болса жеткілікті. 

Сурет romanroams.com сайтынан алынды.