БҰҰ ҚК жұмыс нәтижелері бойынша брифинг

БҰҰ ҚК жұмыс нәтижелері бойынша брифинг

БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы жұмысының нәтижелері талқыланды. Брифингке Қазақстан, Боливия, Италия, Нидерланд және Швеция өкілдері қатысты. Соңғы 2 жыл ішінде бұл 5 мемлекет Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретінде жауапты міндет атқарған. Қазақстанның басты жетістіктері ретінде терроризмнен ада бейбіт әлемге қол жеткізу бойынша кодексінің қабылдануы, сондай-ақ ядролық қарусыздану мәселесін шешуде сенім шараларын күшейтуі ерекше маңызға ие. Кездесуге қатысушылар Қазақстанның басқа да жетістіктеріне тоқталды. Атап айтар болсақ, бұл – Эритреядан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ұзақ мерзімді санкцияларын алып тастау және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған елдердің ұлттық туларын орнату рәсімін өткізудің жаңа дәстүрін енгізу. Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың айтуынша, басты мақсат Орталық Азия мен Ауғанстан аймағына әлем назарын аударту болған.

ҚАЙРАТ ОМАРОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

 - Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған халықаралық қауымдастықтың әрекетіне негізінен экономикалық сипат беру, бұл іске Орталық Азия мемлекеттерін белсенді түрде қатыстыру – еліміз ұсынған инновациялық тәсіл болған. Қауіпсіздік Кеңесі алғаш рет осы елдегі жағдайды қауіпсіздік тұрғысынан ғана емес, экономикалық даму жағынан да қарастыруына қол жеткіздік.