Қазақстан мен БҰҰ-ның әріптестігі

Қазақстан мен БҰҰ-ның әріптестігі

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметін аяқтаған Қазақстан беделді ұйымның Хатшылығымен тығыз ықпалдастығын жалғастырмақ. Өткен 2 жылдың ішіндегі ынтымақтастық өте жемісті болды. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бірнеше санкциялық комитетіне төрағалық жасады. Халықаралық сарапшылар әріптестіктің нәтижелі болғанын атап көрсетіп отыр. Кеңес Комитеттерінің Мониторингтік тобының үйлестірушісі Эдмунд Фттон-Браун Қазақстанның Таяу Шығыс және Ауғанстанға қатысты мәселелерде маңызды роль атқарғандығын айтады. 

ЭДМУНД ФИТТОН-БРАУН, БҰҰ ҚК МОНИТОРИНГТІК ТОБЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

 - Қазақстанмен әріптестігіміз қарқынды болды. Контртерроризм бағыты бойынша Ауғанстандағы ахуалды жақсарту бойынша ынтымақтастық орнаттық. Бұл салаларда Қазақстанның үлкен тәжірибесі бар және Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруда маңызды роль атқара аласыздар деп ойлаймын. Сіздің ел Ауғанстанды Орталық Азияға интеграциялау жолында әрекет етіп келеді. Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіндегі екі жылдық қызметі жемісті болды деп нақты айтуға болады.