БҰҰ құрамындағы Қазақстан

БҰҰ құрамындағы Қазақстан

Қазақстанның Әлемдік пен дәстүрлі дін басшыларының съездерін тұрақты түрде өткізу бастамасы Біріккен Ұлттар Ұйымында кең қолдауға ие болды. Ақпан айының 1 мен 7 аралығында Бас Ассамблеяда Бүкіләлемдік үйлесімді конфессияаралық қатынастар аптасы деп жарияланды. Шараның негізгі идеясы – түрлі қақтығыстар мен түсініспеушіліктерді болдырмау мақсатында діни конфессиялар арасында байланыстар орнату. Қазақстандағы ұлтаралық және конфессияаралық келісім әлем елдеріне үлгі. Осы тәжірибесімен бөлісу үшін елімізде 2003 жылдан бері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өткізіліп келеді. «Діндер бейбітшілік үшін» ұйымының бас хатшысы Уильям Вендли – осындай басқосуларды өткізудің белсенді жақтастарының бірі.

УИЛЬЯМ ВЕНДЛИ, «ДІНДЕР БЕЙБІТШІЛІК ҮШІН» ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

 - Қауіпсіз және бейбіт әлемді құруда діннің орны маңызды. Осы мақсаттағы діндердің жағымды еңбегін халықаралық қауымдастыққа көрсетіп жүрген Қазақстан мен осы елдің басшылығына алғыс білдіруіміз керек. Бүкіл мансабымды діндер арасында ынтымақтастықты нығайтуға арнадым. Осы жолымда үнемі елдеріңіздің қолдауын сезіп жүрмін.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде жұмысын аяқтағанымен, әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы шараларын жалғастыра береді. Бұл тұрғыда сарбаздарымыздың ұйымның Ливандағы бітімгерлік күштерінің құрамындағы қызметін атауға болады. Еске салсақ, жауынгерлеміз Ливанда Үндістан әскери контингентінің құрамында қызмет етіп жүр.

ҚАЙРАТ ОМАРОВ, БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

 - Алғаш рет 120 сарбазымыз өзге елде орналастырылып, бейбітшілікті қамтамасыз етуге арналған маңызды әрі игі міндетін орындап жүр. Бұл – елбасы бізге тапсырған басым мақсаттардың бірі. Осы міндетті абыроймен орындадық.