Өзбекстан: Визасыз режим

Өзбекстан: Визасыз режим

Визалық саясатын оңтайландыруды қолға алған Өзбекстан осы бағыттағы шараларын жалғастыруда. Бүгінде 76 елге электрондық жолқұжатын (виза) ұсынып отыр. Ал ақпан айынан бастап тағы 45 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режим ендірмек. Тізімде Ватикан, Австралия, Греция, Бразилия, Швецария сияқты мемлекеттер бар. Ал, Германиялықтар қаңтардың ортасынан бастап визасыз қатынай береді. Оған қоса, жыл басында оңтүстіктегі көршіміз 109 елдің азаматтарына жылжымайтын мүлікті белгілі бір бағада сатып алған жағдайда Өзбекстанда тұруға рұқсат беретінін жариялады. Бұл тізімде АҚШ пен Қазақстан тұрғындары бар. Десе же, Орталықазиялық мемлекет шетелдіктер үшін тарихи, археологиялық және архитектуралық байлығымен тартымды.

АХМАД АЛЬ-ЗУБАЙДА, ТУРИСТ:

 - Қазір жаңа заң бойынша Өзбекстанға визасыз келіп, бір ай асықпай демалуға болады. Бұқара, Самарқанд, Хиуа сияқты қалаларға барып, көне тарихи орындарды аралап дем аласыңдар. Дәл қазіргі таңда Өзбекстандағы тағы бір ерекше атап өтетін жағдай ол шет ел азаматтарының баспана , жер тағы басқа мүліктер алып тұруға құқық берілуі болып тұр.