Қазақстан әл-ауқан индексінде 57 орында

Қазақстан әл-ауқан индексінде 57 орында

Қазақстан 2018 жылы әл-ауқат пен экономикалық дамудың тұрақты индексі бойынша 57-ші орында. The Boston Consulting Group компаниясының жыл сайынғы зерттеуіне әлемнің 152 елі қатысты.

Айта кетейік, рейтингтің алғашқы сатысына Норвегия орналасты. Одан кейін, Швейцария мен Исландия. Алғашқы ондыққа Люксембург, Дания, Швеция, Сингапур, Финляндия, Австрия және Нидерланд елдері кіріп отыр. Ал Қазақстаннан кейін Аргентина мен Ресей, сәйкесінше, 58 және 59 орындарға жайғасқан.

SEDA әдісі денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылымды дамытуды қамтитын 10 белгі бойынша елдің әл-ауқатын талдауға мүмкіндік береді. Ол 2012 жылы жалпы ішкі өнім динамикасына негізделген экономикалық дамудың әдеттегі әдістеріне балама ретінде ұсынылды.