Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев АҚШ делегациясымен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев АҚШ делегациясымен кездесті

Астанада кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі Қазақстан-АҚШ комиссиясының отырысы өтті. Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Құрама Штаттар мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі көмекшісінің бірінші орынбасары Элис Уэллспен кездесті. Тараптар қос елдің стратегиялық әріптестігінің маңызды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылдың қаңтарында АҚШ-қа сапары барысында қол қойылған 5 келісімнің орындалу жайы, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі мен Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жөніндегі бастамалары сөз болды. Элис Уэллстің айтуынша, 2 елдің мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланыстарын кеңейтуге әлеуеттері мол.

ЭЛИС УЭЛЛС, АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӨНІНДЕГІ КӨМЕКШІСІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

– Біз арадағы келіссөздерді жалғастырып, екіжақты және жаһандық деңгейдегі қарым-қатынастарды талқылауға дайынбыз. Бұл қос тараптың өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін білдіреді деп ойлаймын. Сондай-ақ алдағы уақытта Қазақстанның 3 тілде білім беруге көшу бастамасы талқыланатын кездесу өткізу жоспарланған.